Қазақстан мен Үндістан бірлескен жаттығулар мен әскери білім беруді жандандыруда

5093
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Үндістан әскери қызметшілері қорғаныс ынтымақтастығы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Астанада еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдерінің қатысуымен Қазақстан мен Үндістанның қорғаныс ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Делегация басшылары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақытбек Сыдықов пен Үндістан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі біріккен хатшысы Шри Вишвеш Неги қорғаныс саласындағы екіжақты қатынастардың оң динамикасын атап өтті. Жауынгерлік дайындық, әскери білім беру және бітімгерлік бағыттары бойынша әскери ынтымақтастық белсенді дамып келеді.

Әскери делегацияны қарсы алған Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рақымжан Исақұлов Үндістанмен әскери-техникалық ынтымақтастықты жандандыру Қазақстанның бейінді ведомстволарының басым міндеті екенін атап өтті.

Шетелдік қонақтар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде де болды. 2021 жылдан бастап осы оқу орнында Үнді мамандары қазақстандық әріптестеріне ағылшын тілін үйрену тәжірибесі мен әдіснамасын беріп келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -