Қазақстан — қытайлық блогерлердің көзімен: FlyArystan ерекше сапар ұйымдастырды

2673
Фотосурет: FlyArystan

FlyArystan Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын және туризмді дамыту аясында блог-тур өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қытай туризмінің Қазақстандағы жылы аясында және екі ел арасындағы әуе қатынасын дамыту мақсатында FlyArystan лоукостері Қытайлық инфлюенсерлер үшін блог-тур ұйымдастырды. Іс-шара “Astana Tourism” туризмді дамыту орталығы және Almaty Tourism Bureau қолдауымен өтті.

Тур аясында Қазақстанға саяхат, гастрономия және авиация тақырыптарына маманданған Қытайдың блогерлері келді. Олар үшін еліміздің екі ірі қаласы – Астана мен Алматыда мазмұнды бағдарлама әзірленді. Қонақтар Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасымен танысып, елдің басты көрнекті орындары мен ұлттық парктерін аралады.

Елордада бағдарлама Ұлттық мұражайға, Сауран базарына бару мен Astana Ballet театрында қойылған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетін тамашалауды қамтыды. Алматыда қонақтар Шымбұлаққа және қаланың басқа да танымал орындарына барды. Сонымен қатар, олар Көлсай көлдеріне және Шарын шатқалына саяхат жасады.

Айта кетейік, бұған дейін FlyArystan Алматы – Инин (Құлжа) жаңа бағытының ашылғанын хабарлаған болатын. 2025 жылғы 18 мамырдан бастап рейстер бейсенбі және жексенбі күндері аптасына екі рет орындалады.

Сонымен қатар, 13 сәуірден бастап Астана – Үрімші бағыты бойынша рейстер қайта жанданды. Астанадан ұшулар – бейсенбі және жексенбі күндері, ал Үрімшіден – дүйсенбі және жұма күндері орындалады.

FlyArystan халықаралық бағыттарын біртіндеп дамытып, Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм байланысын нығайтуға үлес қосуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -