Қазақстан мен Ресей цифрлық экономика саласында салық салу тәсілдерін үйлестіруде

1617
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті делегациясының Ресей Федерациясының Салық қызметі өкілдерімен салықтық ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесуі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов басқарды. Ресей тарапынан кездесуге Ресей Федерациясының Салық қызметі басшысының орынбасары Светлана Бондарчук қатысты.

Кездесу барысында криптовалюта майнингі мен оны өткізу операцияларын салық салу мәселелері, сондай-ақ маркетплейстер мен электрондық саудамен және қызмет көрсетумен айналысатын тұлғаларға салық салу мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Ресей стратегиялық әріптестікті, соның ішінде салық саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуды жалғастыруда – бұл салық салу саласындағы байланыс пен өзара көмектесу жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы салықтық ынтымақтастықтың достық негізде дами беретініне сенім білдіріп, қабылданған шешімдер өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенімді екенін жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -