Қазақстан мен UNOPS Алматыда кеңсе ашу үдерісін жеделдетуге келісті

1529
Фотосурет: Gov

Венада Қазақстан мен БҰҰ Жобаларды басқару жөніндегі басқармасы арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Жобаларды басқару жөніндегі басқармасының (UNOPS) Венадағы кеңсесінің жаңадан тағайындалған директоры Симонетта Силигатомен кездесті.

Сұхбаттастар Қазақстан Үкіметі мен UNOPS арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Тұрақты өкіл БҰҰ Бас Ассамблеясы Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша Өңірлік орталық құру туралы қарарды қабылдағаны туралы айтып, Қазақстанда UNOPS өкілдігін ашу туралы шешімді құптады. Тараптар Қазақстандағы UNOPS офисінің құқықтық мәртебесі туралы келісімге қол қоюды жеделдетуді келісті.

Кездесу барысында Қазақстанға мен Орталық Азия өңіріне қатысты ағымдағы және болашақ жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -