Министр Саясат Нұрбек Жапонияның Қазақстандағы елшісімен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ясумаса Ииджима мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар ғылым және жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Министр Саясат Нұрбек жапондық тарапты Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, академиялық ұтқырлықты арттыру, университет ғылымын дамыту, өңірлік академиялық хаб құру, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи білім беру бағдарламаларын енгізу жөніндегі шаралар туралы сөз етілді.
Ясумаса Ииджима мырза екі ел арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдірді. Ол академиялық алмасуларды, стипендиялық бағдарламаларды және ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, бірлескен білім беру бастамаларын кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті дамытуға мүдделі екендерін білдірді және жоғары білім мен ғылым саласындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.