Қазақстандық таланттар еліміздің жоғары білім деңгейін тағы да дәлелдеп отыр

1056
Фотосурет: @oqu_agartu

7–13 мамыр аралығында Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шығыс Қазақстан облысынан «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді алтын медаль жеңіп алып, тоғыз елден келген 200-ден астам дарынды оқушылар арасынан ең үздік қатысушы атанды.

Біздің елдің құрамасы 100% нәтижеге қол жеткізді – алты қатысушының барлығы жүлдемен оралды:

  • Алдияр Амангелді – Өскемен қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Әли Мендеке – Семей қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Мейірбек Мұрат – Орал қаласынан НЗМ-нің 9-сынып оқушысы;
  • Медеу Жұбатыров – Ақтау қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 8-сынып оқушысы;
  • Айдайбек Абдурахман – Тараз қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Нұрислам Дүйсенғали – Алматы қаласынан РФММ-нің 9-сынып оқушысы.

Команданың жаттықтырушылары — Ибрагим Ибатулин мен Жамбыл Максотов.

Әл-Хорезми олимпиадасы Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамытуға және нақты ғылымдарды насихаттауға бағытталған. Өткен жылы біздің оқушылар 4 медаль жеңіп алған болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -