Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері әріптестікті кеңейтуде

1628
Фотосурет: sk.kz

«Самұрық-Қазына» және ADCB Қазақстан басшылығы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Астанада «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Abu Dhabi Commercial Bank» аға банкирі, ADCB Islamic (Қазақстан) директорлар кеңесінің төрағасы Фарух Абдулрахман әл-Марзукидің кездесуі өтті.

photo_2025-05-13_17-27-21.jpg

Тараптар мұнай-химия, мұнай-газ саласы, көлік және логистика салаларындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыруға қатысты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кеше Акордада Абу-Даби Тақ мұрагерінің Қазақстанға сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Нұрлан Жақыпов пен Фарух Абдулрахман әл-Марзуки өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат Қор мен ADCB арасындағы жобаларды қаржыландыру саласындағы негізгі ынтымақтастық бағыттарын айқындайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -