Астана 2025: Сербияның қатысуы форумның халықаралық маңызын арттырады

1430
Фотосурет: Gov

Сербия өкілдері Астана-2025 Халықаралық форумына қатысады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Ішкі және сыртқы сауда министрі Ягода Лазаревичпен кездесті.

Кездесу барысында қазақ дипломаты ресми Астана мен Белград арасындағы белсенді диалогты қолдау аясында серб тарапының ірі өңірлік саяси-экономикалық форумға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, министрді Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Сонымен қатар екі ел арасындағы сауданың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға 2024 жылғы қарашадағы ресми сапары барысында аталып өткен тауар айналымын арттыру және әртараптандыру туралы келісімдерді жүзеге асыру қажеттігі баса айтылды.

Я. Лазаревич Астанада өтетін форумға қатысатынын растады. Сонымен бірге серб министрі өз ведомствосының Қазақстан компанияларымен сауда байланыстарын дамыту және жеңілдету бойынша жұмысты жалғастыруға дайын және мүдделі екенін білдірді.

Бұған қоса, серб тарапы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Сербия үкіметаралық комиссиясының алдағы 4-ші отырысының күн тәртібін сапалы әзірлеу қажеттігін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -