Астана мен Лондон қорғаныс және жаһандық қауіпсіздік саласындағы әріптестікті нығайтуда

3806
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қорғаныс министрінің орынбасары Лорд Вернон Кокермен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тараптар қауіпсіздік, қорғаныс және бітімгершілік салаларындағы өзара іс-қимылды қоса алғанда, қазақ-британ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Р.Василенко Қазақстан Қарулы күштері өкілдерінің Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссияларына қатысу тәжірибесі және осы бағыттағы қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында халықаралық серіктестермен бірлесіп әскери қызметшілерді даярлау жұмысы туралы ақпарат берді.

Министрдің орынбасары Қазақстанның БҰҰ аясында бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға одан әрі үлес қосуға мүдделі екенін растады.

Кездесу аясында көпжақты мәселелер мен өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасу өтті.

Тараптар екіжақты және көпжақты серіктестіктің бүкіл спектрі бойынша конструктивті диалогты жалғастыруға өзара дайын екенін растады.

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы күштері БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына қатысып келеді. Қазақстанның 80 азаматы әскери бақылаушы және штаб офицері ретінде миссияларға қатысқан. 700-ге жуық әскери қызметші БҰҰ-ның әртүрлі елдердегі арнайы операцияларына жұмылдырылған. Қазіргі уақытта 158 қазақстандық Африка мен Таяу Шығыстағы бітімгершілік күштер құрамында қызмет етуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -