Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Қорғанысты басқару ұлттық орталығының бастығы генерал-майор Фазылолла Баденов бастаған әскери делегация Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік басқару орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сапар аясында Қазақстан әскери қызметшілері Шехидтер аллеясына барып, Әзербайжанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін өмірін қиған батырларға тағзым етті.
Сондай-ақ, қазақстандық делегация Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік басқару орталығына, Әзербайжан Қарулы күштері Әскери-әуе және Әскери-теңіз күштерінің командалық пункттерінде болды. Әскери қызметшілер үшін әскерлердің күнделікті қызметі туралы, сондай-ақ дағдарыс және төтенше жағдайлар кезінде басқарудың қолданыстағы алгоритмі туралы брифинг ұйымдастырылды.
Тараптар мұндай байланыстар мен тәжірибе алмасу сенімді нығайтуға ықпал ететінін және екі елдің қарулы күштерін орталықтандырылған жауынгерлік басқару саласын жетілдіруге жұмыс істейтінін атап өтті.
Жұмыс сапары Әзербайжан мен Қазақстан Қорғаныс министрліктері арасындағы 2025 жылға арналған екіжақты ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті.