Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Қырғызстанның құзырлы органдарымен бірлесе халықаралық есірткі арналарын жою бойынша екі арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталған елдердің аумағында бірлескен іс-қимыл нәтижесінде есірткіні көтерме саудамен өткізген қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталды.

Заңсыз айналымнан 20 кг синтетикалық есірткі тәркіленді.

Есірткі саудасының халықаралық арналарын бейтараптандыру бойыншаіс-шаралар жалғасуда.