Huawei Таяу Шығыс пен Орталық Азияда жасанды интеллектті дамытуға арналған жаңа технологияларын таныстырды

3509
Фотосурет: Өзбекстан Республикасы Цифрлық технологиялар министрінің бірінші орынбасары Олег Пекось

2025 жылғы Global Optical Summit жаһандық саммитінде оптикалық байланыс пен сенсорлық технологиялардың цифрлық трансформацияның келесі толқынына негіз болатын шешуші рөлі талқыланды.

2025 жылдың 20 мамырында Ташкент қаласында өткен Global Optical Summit 2025 саммитінде Huawei компаниясы Таяу Шығыс пен Орталық Азия аймақтарына арналған бесінші буындағы тұрақты байланыс шешімдері — F5G-A технологияларын таныстырды. Бұл қадам — аталған өңірлердегі салаларға жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін енгізу жолындағы маңызды кезең болып отыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Саммит 250-ден астам сала көшбасшыларын, техникалық сарапшылар мен серіктестерді біріктіріп, оптикалық байланыс пен сенсорлық технологиялардың цифрлық трансформацияның тірек инфрақұрылымына айналып келе жатқанын көрсетті.

Саммиттің ашылуында сөз сөйлеген Өзбекстан Республикасы Цифрлық технологиялар министрінің бірінші орынбасары Олег Пекось соңғы жылдары елде «Цифрлық Өзбекстан – 2030» стратегиясы табысты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл стратегия цифрлық инфрақұрылымды, қызметтер мен құзыреттерді жүйелі дамытуға бағытталған. Негізгі мақсат — цифрлық экономиканың ЖІӨ-дегі үлесін 2023 жылғы 8,7%-дан 2030 жылы 30%-ға дейін арттыру, ал бұл өзгерістің өзегінде — оптикалық желілер жатыр. «Біз талшықты-оптикалық инфрақұрылымды тек цифрлық экономиканың ғана емес, жасанды интеллект экожүйесінің де іргетасы ретінде қарастырамыз. Технологиялық даму ашық әрі терең халықаралық ынтымақтастықсыз мүмкін емес. Біз инвестицияға, білім алмасуға, бірлескен ғылыми жобалар мен технологиялық серіктестікке ашықпыз. Tech Carnival және Global Optical Summit сияқты ауқымды шаралар — соның жарқын дәлелі», — деді ол.

Huawei Enterprise компаниясының Оптикалық шешімдер бөлімінің президенті Перри Ян саммиттегі баяндамасында «Оптикасыз – ЖИ жоқ: Толық оптикалық желілер – инклюзивті жасанды интеллекттің негізі» тақырыбын көтеріп, оптикалық байланыс пен оптикалық зондтау салалардың интеллектуалды жаңғыруына ықпал ететін стратегиялық инфрақұрылымға айналғанын атап өтті. «Жасанды интеллект кең және терең қолданылып жатқан қазіргі кезеңде оптикалық байланыс технологиялары деректерді өңдеу орталықтарынан бастап әрбір сенсорлық құрылғыға дейін, барлық салалық және кампус желілеріне таралады. Бұл — есептеу қуатын күшейтудің, үдетудің және талшықты оптика негізінде есептеу құрудың жолы. Осылайша ЖИ түрлі салалардың дамуына үлес қосатын болады», — деді ол.

Huawei Enterprise оптикалық шешімдер бөлімінің Президенті Перри Ян

F5G-A шешімдер пакеті — бұл кәсіпорындардың кең көлемдегі қажеттіліктерін қамтитын кешенді оптикалық инфрақұрылым шешімі. Ол жасанды интеллект жүктемелері үшін ультра төмен кідірісті байланысты қажет ететін деректер орталықтарынан бастап, тұрақты байланыс қажет етілетін ақылды кампустарға, сенімді цифрлық инфрақұрылым талап етілетін өнеркәсіптік желілерден бастап, дәл мониторингке негізделген периметрлік қауіпсіздік жүйелеріне дейінгі кең ауқымды қамтиды.

Huawei компаниясының Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы АКТ-шешімдері бойынша маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Чарльз Шен Huawei-дің аймақтағы көпжылдық тәжірибесіне тоқталып, былай деді: «Біз Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы серіктестермен тығыз ынтымақтастықта болып, озық оптикалық технологияларды енгіздік. Енді біз жаңа кезеңге қадам басып келеміз — мұнда оптикалық және ЖИ технологияларының тоғысуы аймақтың интеллектуалды болашағын қалыптастыратын ақылды әрі дараланған шешімдерді жасауға мүмкіндік береді».

Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы Huawei АКТ шешімдерінің маркетингі және сату бөлімінің Вице-президенті Чарльз Шен

​​​​​​​Fiber Connect Council MENA ұйымының бас директоры Хулуд Алдоргам өз сөзінде оптикалық желілердің цифрлық экономиканың дамуына негізгі қозғаушы күшке айналғанын айтты. Бұл технологиялар тұрғын үй секторынан бастап, корпоративтік кампустар мен бизнес-трансформациялардың іргетасына дейін кеңінен қолданылып келеді.

Саммит аясында бұл технологиялардың нақты қолданылу мысалдары да көрсетілді. БАӘ-нің Azizi Developments компаниясы толық оптикалық инфрақұрылымның олардың қонақүйлер мен кампустардағы жұмысын қалай өзгерткенін көрсетті.

Саммиттің жабылу рәсімінде Huawei Global Optical Summit аясында OptiX Club клубының үздік қатысушылары марапатталды. Бұл марапат — бүкіл аймақтағы оптикалық сала мен интеллектуалды салалық шешімдердің дамуына айрықша үлес қосқан серіктестерге берілді.

Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы салалар цифрлық трансформация жолында алға жылжи отырып, Huawei F5G-A шешімдері — инфрақұрылымға жасалатын аса маңызды инвестиция ретінде қарастырылуда. Бұл инвестициялар жасанды интеллекттің түрлі салалардағы толық әлеуетін іске асыруға жол ашады. Ташкенттен берілген басты хабар айқын: Жасанды интеллект болашағы — заманауи оптикалық желілердің негізінде жатыр. Ал бұл болашақ дәл бүгін қалыптасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -