Қазақстанда жылына 340 миллион литр сусын өндіретін зауыт салынады

1694
Фотосурет: UKIMET

Алматы облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу жоспарлануда, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Дания Корольдігінің Ресей Федерациясындағы, Қазақстан Республикасындағы және Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін (қоса атқарушы) Йеспер Вармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Алматы облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды талқыланды.

Қазақстанда қуаты жылына 340 млн литр сусын, жалпы құны $250 млн-нан астам, 500 жұмыс орнын ашу көзделген алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу бойынша Carlsberg Group пен PepsiCo компаниясының бірлескен жаңа жобасын іске асыру жоспарлануда.

Дания Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Й. Вар жоғары технологиялық өндірістік кешенді құру ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын едәуір арттыруға, ілеспе салалардың дамуын ынталандыруға, отандық тауар өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығын ашуға, сондай-ақ еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беретініне сендірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -