Қазақстан мен Epiroc индустриялық ынтымақтастығын нығайтуда

1408
Фотосурет: Gov

Стокгольмде Қазақстанның Швециямен тау-кен өнеркәсібін тұрақты даму үшін ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Epiroc Group» компаниясының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Швециядағы Елшісі Олжас Сүлейменов «Epiroc» Президенті және Атқарушы директоры Хелена Хедбломмен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, соның ішінде компанияның Қазақстандағы өндірісін оқшаулау мүмкіндіктерін талқылады.

Елші «Еpiroc»-ты Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде сипаттап, компанияның жоғары іскерлік беделін, оның инновациялар мен тұрақты дамуға бейілділігін атап өтті.

Табысты серіктестіктің қисынды жалғасы ретінде О. Сүлейменов Қазақстандағы жекелеген өндірістік процестерді кезең-кезеңімен оқшаулау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Біз өндірісті ықтимал оқшаулау бойынша алдағы қадамдарды қолдауға дайынбыз және компания басшылығын нысаналы келіссөздер үшін Қазақстанға сапармен қарсы алуға қуаныштымыз»  Олжас Сүлейменов

Өз кезегінде, Х. Хедблом Қазақстанның тұрақты өсу қарқыны бар негізгі нарық ретіндегі өсіп келе жатқан маңыздылығын атап өтті және компанияның өндірістік процестерді оқшаулауды қоса алғанда, елдегі қызметті одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін зерттеуге дайын екенін білдірді.

Қазақстанның тау-кен өндіру саласын жаңғыртудағы басымдықтарына толық сәйкес келетін «Epiroc» компаниясының стратегиясы – озық технологиялық шешімдерді, тау-кен өндіру саласын орнықты дамыту және цифрлық трансформациялау қағидаттарын енгізуге негізделген ұзақ мерзімді әріптестік құруға бағытталғанын айтты.

Сондай-ақ компанияның Астанадағы өкілдігінің және елімізде жұмыс істейтін, айналмалы экономиканы дамытуға және жергілікті тиімділікті арттыруға құнды үлес қосатын тораптарды, агрегаттар мен техниканы қалпына келтіру жөніндегі үш жоғары технологиялық цехтың маңызды рөлі аталып өтті.

Қорытындылай келе, тараптар серіктестікті дамытуға өзара мүдделілігін растады және ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын нақты пысықтауды жалғастыруға уағдаласты.

«Epiroc» 2018 жылы тау-кен және құрылыс жабдықтарына назар аудару үшін Atlas Copco-дан бөлінген кезде құрылды. Құрылғаннан бері «Epiroc» өзін бүкіл әлем бойынша тау-кен және құрылыс салаларына инновациялық шешімдерді ұсынуда жетекші серіктес ретінде көрсетті.

Қазақстанда компания өз қызметін 1995 жылы зауыт өкілдігі мәртебесінде бастады, ал 2005 жылдан бастап дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейді. Бүгінгі таңда компанияның штатында 369 қызметкер бар. Компанияның бас кеңсесі Астана қаласында орналасқан.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -