Тәуелсіз өндіріс сарапшысы Максим Худаловтың пікірінше, Өскемен титан-магний комбинатында (ӨТМК) орын алуы мүмкін апат титанның әлемдік нарығындағы бағаның өсуіне себеп болып, қазақстандық өнімге деген сатып алушылар сенімінің шайқалуына әкелуі ықтимал.
Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, 19 мамыр күні сағат 18:21-де белгісіз газдың таралуы туралы дабыл келіп түскен.
Осы күні-ақ Өскемен тұрғындары әлеуметтік желілерде ӨТМК-да төтенше жағдай орын алғаны жөнінде жазбалар жариялай бастады. Артур Абдулкадыров есімді қолданушы комбинат аумағынан көтерілген сары түтіннің видеосын жариялады:
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қалалық мәслихаттың депутаты Михаил Байтеряков 20 мамыр күні таңертең ӨТМК орналасқан Согра шағын ауданында қатты түтін байқалғанын көрсететін видеоны жария етті:
Облыс көлемінде жедел штаб құрылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«ҚазАқпарат» агенттігінің комбинат өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, хлорлау қондырғыларының біріндегі конденсация жүйесіне жоспардан тыс тазалау жұмыстары жүргізілген. Жұмыс барысында гарнисаж (қорғау қабаты) қирап, газ жүретін жол бөгеліп қалған.
Осыдан кейін тұрғындар күдікті сары түсті бұлтты байқаған. Алайда ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі барлық қажетті өлшеулер жүргізілгенін және адамдардың өміріне қауіп төнбегенін хабарлады:
«18 зиянды зат, соның ішінде хлор, тұз қышқылы және формальдегидке қатысты зерттеулер жүргізілді. 21:44-тегі жағдай бойынша хлор және басқа да заттар шегінен асқан жоқ. Дегенмен, ауа райы мен апат орын алған сәт пен мамандардың келу аралығындағы уақыт айырмашылығы нәтижелерге әсер етуі мүмкін болғандықтан, сынама алу жалғасуда».
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл тыныштандыратын мәлімдемелерге қарамастан, облыста жедел штаб құрылып, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қытайдан шұғыл оралды. Келесі күні ШҚО-ға Экология министрі Ерлан Нысанбаев келді. Сапар барысында ол: «кәсіпорынның экологиялық стандарттарды бұзуына қатысты әрекеттерінің заңдылығын бағалау, сондай-ақ орын алған оқиғаға құқықтық баға беру» жөнінде тапсырма берді. Министр барлық қажетті шараларды қабылдауды, оның ішінде жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тартуды және мұндай «оқиғалардың» болашақта қайталануына жол бермеуді талап етті.
Айта кету керек, бұл аталмыш кәсіпорындағы алғашқы апат емес. Мұндай жағдайлар бұған дейін де тіркелген, мысалы, 2021 жылдың желтоқсан айында. Максим Худаловтың еске салуынша, ол кезде «ластаушы заттардың таралуы 4,6 миллион теңгеден астам айыппұлмен аяқталған». 2024 жылдың қарашасында қаланың ауасының ластануына байланысты мектептерде сабақтар тоқтатылған болатын.
Сарапшының айтуынша, «алғашқы талдау бұл жағдайдың негізгі себебі – өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне жеткіліксіз көңіл бөлінуі екенін көрсетіп отыр. Ашық инвестициялық бағдарламаның болмауы мен маңызды жабдықтарды жүйелі түрде жаңартудың жүргізілмеуі өндірістік жүйелердің тозуына алып келеді».
Canva
ӨТМК жұмысының уақытша тоқтап қалуы титанның әлемдік нарығына және авиағарыш өнеркәсібіне елеулі соққы болып тиюі мүмкін.
Худаловтың айтуынша, «титан нарығы жоғары шоғырлануымен және бос резервтік қуаттардың жоқтығымен сипатталады – бұл жоғалған көлемдерді жедел толықтыруды мүмкін етпейді».
Мұндай жағдай бағаның өсуіне ықпал етеді. Бұл металдың негізгі сатып алушылары – Boeing және Airbus. Олар өндіріс көлемін ұлғайтып жатыр, ал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) сарапшылары әлемдік нарықта титанға сұраныстың өсуін бұрыннан болжаған.
Басты шикізат жеткізуші – Ресей. Алайда санкциялық жағдайда ресейлік титан өндіруші ВСМПО-Ависма жеткізілімде қиындықтарға тап болып отыр. Бұл фактор да бағаны одан әрі көтереді.
Қазіргі уақытта Өскемен титан-магний комбинаты титанның әлемдік өндірісінің 11%-ын және авиағарыш сегментінің 18%-ын қамтамасыз етеді. Нарықтағы бағаның өсуі – өндіруші ретінде комбинат үшін тиімді. Алайда егер ол жеткізуді тоқтатса – табыс табудың сәтті мүмкіндігін жіберіп алады.
Қазақстанның Даму Банкі
Одан бөлек, сарапшылардың болжамынша, ӨТМК-дегі апат жақын арада титан губкасы мен құймаларының бағасын тағы кемінде 15–20%-ға арттырады. Өйткені Қазақстаннан келетін титан жеткізілімін жақын арада алмастыру мүмкін емес.
Әрине, комбинат жұмысын қалпына келтіреді. Бірақ бұл қашан болады және салдары қандай болады? Қалай болғанда да, мұндай жүйелі сипаттағы оқиғалар сатып алушылардың сенімін шайқалтады және оларды балама іздеуге итермелейді – бұл шетелдік бәсекелестермен жұмыс шарттарын жеңілдету арқылы жүзеге асуы мүмкін. Оның үстіне, уланған өскемендіктердің денсаулығын ешқандай ақша қалпына келтіре алмайды.