Қазақстанда жасалған: жартылай өткізгіштер саласындағы дамудың жаңа кезеңі

1474
Фотосурет: NU

Қазақстандағы жартылай өткізгіштер саласының болашағын сарапшылар  талқылады

2025 жылдың 23 мамырында Nazarbayev University-де (NU) «Кремний жолы: заманауи Қазақстандағы цифрлық электроника жобалау саласындағы даму мен білім беру» атты форум өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шараға мемлекеттік органдар, академиялық қауымдастық пен индустрия өкілдері қатысып, еліміздің алғашқы отандық чипін таныстыру арқылы Қазақстанның жартылай өткізгіштер саласының болашағы талқыланды. Форум барысында микросхемаларды цифрлық жобалау мен верификациялау саласындағы мамандарды даярлау мәселелері де қарастырылды.

 Жобаның авторлары «Designed in Kazakhstan» деген таңбамен шыққан алғашқы чип Қазақстанның жаһандық жартылай өткізгіштер индустриясына енуіне жол ашып, зерттеу, білім беру және жоғары технологиялық салаларды дамытуда жаңа мүмкіндіктер туғызатынына сенімді.

 «Жартылай өткізгіш өнеркәсібін дамытуға үлес қосу үшін бізге миллиардтаған зауыттар салудың қажеті жоқ. Біз бұл салаға чипті жобалау және тексеру арқылы кіре аламыз. Қазақстан бизнес құрылымдарының – микросхемаларды жобалау және верификациялады ұсынатын компаниялардың күшті экожүйесін қолдауы керек деп есептеймін. Келесі маңызды қадам — жаһандық келісімшарттарға қол жеткізу. Егер біз микросхемаларды жоғары деңгейде жобалап, верификациялауды үйренсек, мұндай келісімшарттар үшін техникалық тұрғыдан бәсекелесе аламыз» NU ассистент-профессоры, жобаның жетекшісі Нұрсұлтан Қабылқас

Чипті жасалуы Қытай ғылым академиясының Университеті және Бейжіңнің ашық кодты чип институтымен әріптестік аясында, «Бір студент – бір чип» бағдарламасының көмегімен мүмкін болды. Процессорды NU студенттері үш ай ішінде жасап, сынақтан өткізді, содан кейін олар қазақстандық дизайнды серіктестерінің жаппай өндіріс процесіне біріктіріп, чипті тегін шығара алды. Қытай ғылым академиясы (CAS) жанындағы Есептеу технологиялары институтының Компьютерлік архитектура бойынша мемлекеттік зертханасының жетекші маманы, профессор Юньган Бао өз сөзінде алғашқы қазақстандық процессор ашық код технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылғанын атап өтті.

 «Бұл платформаға әлемнің барлық университеттерінің студенттері қосыла алады. Біздің мақсатымыз – ашық процессорларды дамыту арқылы чип жобалауды үйренуге барынша көп адамға мүмкіндік беру. Бағдарламалық жасақтама жасау экожүйесі 40 жыл бойы жұмыс істеп келе жатса, жартылай өткізгіш саласында ашық бастапқы код енді ғана дамып келеді. Неғұрлым көп маман бұл технологияны меңгерсе, соғұрлым жартылай өткізгіштер саласы қолжетімді әрі инклюзивті болады» сарапшы Юньган Бао

Форумда сонымен қатар Siemens EDA Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша вице-президенті Джеофф Ли, Texer.AI негізін қалаушының бірі Арслан Құдияр және басқа да сарапшылар сөз сөйлеп, толыққанды экожүйені құру үшін білікті инженерлерді даярлау қажеттігін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -