Қазақстан зияткерлік меншік саласындағы халықаралық бастамаларға белсенді қатысуды күшейтуде

1617
Фотосурет: Gov

Қазақстанның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі ДЗМҰ Бас директорына сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Дарен Тангқа өзінің сенім грамоталарын тапсырды.

Кездесу барысында Қ. Төребаев Қазақстанның ДЗМҰ-мен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілігін білдіріп, елдің зияткерлік меншік саласындағы белсенді қатысуын, соның ішінде білім беру бастамалары мен әлеуетті арттыру бағдарламаларын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ Тараптар ДЗМҰ Бас директорының Астана қаласына жоспарланған ресми сапарын талқылады. Сұхбаттастар бұл сапар стратегиялық серіктестікті, әсіресе кадр даярлау және зияткерлік меншік саласындағы арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастықты нығайтудың маңызды кезеңіне айналады деп сенім білдірді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және инновацияны, білім беруді және орнықты дамуды қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды дамытуға өзара ниетті екендерін растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -