Алматыға Біріккен Араб Әмірліктерінің әскери делегациясы келді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан мен БАӘ қорғаныс ведомстволары әскери қызметшілерінің кездесуі ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында өтті.
Тараптар әскери ынтымақтастықтың жауынгерлік даярлық саласындағы ықтимал бағыттарын талқылады.