Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс ведомстволары өкілдерінің кешенді консультациялары өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев бастаған делегация Өзбекстан қорғаныс ведомствосына барды.
Кешенді консультациялар барысында қорғаныс ведомстволарының өкілдері армия ортасында діни экстремизмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, тараптар әскерге шақырылғанға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және Қарулы күштерде психологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселелерін қарады.