Қазақстан мен Ресей арасындағы биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ведомствоаралық екіжақты консультациялар өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында биологиялық қауіпсіздік бойынша кезекті ведомствоаралық екіжақты консультациялар өтті.
Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қауіпсіздік департаментінің директоры Арман Байсуанов, Ресей тарапынан Сыртқы істер министрлігі Таратпау және қару-жарақты бақылау мәселелері жөніндегі департамент директорының орынбасары Константин Воронцов басқарды.
Консультациялар барысында тараптар екі мемлекеттің аумағындағы биоқауіпсіздік саласындағы жалпы жағдай туралы өзекті ақпаратпен алмасты, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды және өзара іс-қимылдың кейбір практикалық шараларын талқылады. Ғылыми алмасу, мамандар даярлау және шекара аумақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бақылау бойынша бірлескен іс-шаралар мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар сондай-ақ Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін құру туралы қазақстандық бастаманы одан әрі іске асыру туралы және Биологиялық және токсиндік қару туралы конвенцияны нығайту жөніндегі ресейлік бастамалар туралы сындарлы пікір алмасуды жүзеге асырды.