KazAID Орталық Азиядан келген дипломаттар үшін оқыту өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
"Достық: Дипломатия" бағдарламасы аясында Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері үшін "Трансшекаралық сулар — орнықты даму драйвері" семинары өтті.
Семинарды ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының алаңында ұйымдастырды.
Бағдарлама өз елдерінің трансшекаралық суларды басқару саласындағы саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысатын сыртқы істер министрліктерінің және басқа да салалық министрліктердің мемлекеттік қызметшілеріне арналған. Бұл бағдарламаны KazAID 2024 жылы іске қосты.
2025 жылғы 27-28 мамыр аралығында Орталық Азиядан 10 өкіл ТДМ және су дипломатиясын іске асыру мәселелері бойынша өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған оқытуға қатысты.
Бағдарлама шеңберінде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі су ресурстарының рөлі, су ресурстарын басқару жөніндегі жобаларды іске асыру тәжірибесімен алмасу, Арал теңізі бассейнін дамыту мәселелері бойынша мемлекетаралық ынтымақтастық, МҚҰ тарапынан ОА су шаруашылығын қаржыландыру мәселелері қаралды.
Спикерлер ретінде KOICA, Еуразиялық Даму Қоры және су ресурстарын басқару жөніндегі халықаралық институттың өкілдері сөз сөйледі.
Семинар KazAID грантының арқасында қатысушылар үшін өтеусіз негізде іске асырылды және Астана бойынша мәдени бағдарламамен сүйемелденді.