Freedom Holding Corp. компаниясы қазақ-француз мектебінің құрылысын бастады, DKnews.kz reports.
Астанада Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы арасындағы білім беру саласындағы жаңа бірлескен жоба – қазақ-француз мектебінің құрылыс алаңының ашылу салтанаты өтті. Жоба Freedom Holding Corp. компаниясының қаржылық қолдауымен іске асырылуда. Жобаның серіктесі – Bilim Media Group.
MEAE / Emily Bücker
Іс-шара екі елдің мынадай ресми тұлғалары: Сыртқы сауда және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегат Лоран Сен-Мартен мырза, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев және Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турловтың қатысуымен өтті.
Рәсім шеңберінде болашақ лицейдің жобасының тұсаукесері, сондай-ақ болашақта мектеп ғимаратының кіреберісінде орнатылатын салмалы тақтайшаның ашылуы өтті.
MEAE / Emily Bücker
Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макронның арасында қол жеткізілген уағдаластық шеңберінде іске асырылуда. Пансионы бар мектеп Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай болады.
Орталық Азиядағы халықаралық деңгейдегі негізгі білім беру мекемелерінің біріне айналатын болашақ мектеп алғашқы оқушыларын 2026 жылғы 1 қыркүйек күні қабылдайды деп жоспарлануда.
MEAE / Emily Bücker
«Астанадағы француз мектебі Алматыдағы мектеп сияқты, жақын арада алғашқы оқушыларын қабылдап, жас қазақстандықтарға француз, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде білім алуға мүмкіндік береді. Мектеп түлектері француз аттестатымен мектеп бітіргеннен кейін Франция мен Еуропаның үздік жоғары оқу орындарына тікелей түсе алады» Сыртқы сауда және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегат Лоран Сен-Мартен мырза
«Бүгінгі Астана қаласындағы Халықаралық француз мектебінің алғашқы кірпішін қалау рәсімі білім беру саласында айтулы күндердің бірі болары сөзсіз. Бұл жай ғана жаңа мектеп салу емес, Қазақстан мен Франция арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың тереңдей түсуін білдіреді. Мектеп архитектуралық және білім беру тұрғысынан үлгі болып, екі ел арасындағы қарым-қатынастың шынайы көпіріне айналады деп сенеміз» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев
«Осындай мемлекетаралық ауқымды жобаның бір бөлігі болу - біз үшін үлкен мақтаныш! Жобаға қатысу жай ғана білім беруді дамытуға қосқан үлес емес. Бұл - біздің Қазақстанның болашағына құйып жатқан инвестициямыз, бұл - өскелең ұрпаққа әлемдік озық білімге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, оларды заманауи сын-қатерлерге дайындау. Біз адам капитал еліміздің орнықты өсуінің негізі екеніне сенімдіміз. Дәл осындай жобалар дүниетанымы кең, бірнеше тіл білетін, өзге мәдениетке құрметпен қарап, жылдам өзгеріп отыратын әлемде жұмыс істеуге дайын көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастырады» Freedom Holding Corp. компаниясының Бас атқарушы директоры Тимур Турлов