Freedom Holding Corp. акциялары Russell 3000 индексіне енді: бұл инвесторлар үшін нені білдіреді?

3047

Freedom Holding Corp. (NASDAQ: FRHC) халықаралық инвестициялық компаниясы өз акцияларының АҚШ-тың ең ірі қор индекстерінің бірі – Russell 3000 құрамына енгенін хабарлады. Бұл өзгеріс 2025 жылғы 27 маусымда Америка нарығы жабылғаннан кейін күшіне енеді және ол жыл сайынғы қайта теңгерімдеу аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Russell 3000 индексі дегеніміз не және оның маңызы қандай?

Russell 3000 индексі АҚШ-тың инвестицияланған акциялар нарығының шамамен 98%-ын қамтитын 3 019 ірі америкалық компанияның серпінін бақылайды. Бұл индекс жаһандық инвестициялық қорлар үшін негізгі бағдар ретінде пайдаланылады және оның құрамы үнемі жаңартылып отырады. Russell 3000 индексіне негізделетін ірі қорлардың қатарында iShares Russell 3000 ETF (IWV) және Vanguard Russell 3000 ETF (VTHR) бар. Бұл екі қордың басқаруындағы жиынтық активтер көлемі 18 миллиард АҚШ долларынан асады.

Компанияның аталған индекс құрамына енуі оның қаржылық тұрақтылығын, дамуын және нарықтағы сенімді орнын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл:

  • институционалдық инвесторлар арасында компанияның танымалдылығының артуына,
  • акционерлік базаның кеңеюіне,
  • биржадағы сауда белсенділігінің күшеюіне ықпал етуі мүмкін.

Қай қосалқы индекс құрамына енеді?

Russell 3000 индексіне ену компанияның автоматты түрде:

  • Russell 1000 (ірі капиталдандырулы компаниялар)
    немесе
  • Russell 2000 (шағын капиталдандырулы компаниялар)

индекстерінің біріне, сондай-ақ өсу немесе құн индексіне кіруін білдіреді. Қазіргі уақытта Freedom Holding Corp. нақты қай топқа жататыны туралы ресми мәлімет жоқ. Мұндай растау 2025 жылғы маусым айында жарияланатын FTSE Russell компаниясының кезеңдік жаңартуларынан кейін белгілі болады.

Инвесторлар үшін маңызды күндер: 30 мамыр, 6 маусым, 13 маусым және 20 маусым 2025 жыл. Компаниялар тізімі мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов бұл жаңалыққа байланысты былай деді:

«Компанияның беделді Russell 3000 индексіне қосылуы біздің орнықты өскенімізді және әлемдік қаржы нарықтарындағы орнымыздың нығайғанын растайтын маңызды кезең болды. Мұндай мүмкіндік біздің бүкіл командамыздың қажырлы еңбегі мен белсенділігін, сондай-ақ акционерлер үшін құндылық жасауға деген адалдықты көрсетеді. Біз бұл жағдай компанияның институционалдық инвесторлардың арасында танымалдылығын арттырып, акционерлік базамызды кеңейтіп, компанияның қаржы индустриясында негізгі ойыншы ретіндегі орнын нығайтады деген сенімдеміз».

digitalbusiness.kz

Болжамдық сипаттағы мәлімдемелер

Осы хабарламада болжамдық сипаттағы мәлімдемелер бар. Атап айтқанда, компанияның Russell 3000 индексіне енуі нәтижесінде:

  • басқа индекстерге енуі,
  • танымалдылығының артуы,
  • акционерлік базаның кеңеюі,
  • сауда белсенділігінің күшеюі сияқты оң әсерлер күтіледі.

Алайда бұл мәлімдемелер болашақ нәтижелердің кепілі болып табылмайды және тәуекелдер мен белгісіздіктерге байланысты. Атап айтқанда, бұл қосылу күтілген нәтижелерге алып келмеуі мүмкін. Тәуекелдер туралы толық ақпарат компанияның соңғы жылдық және тоқсандық есептерінде, сондай-ақ АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына (SEC) тапсырылған басқа құжаттарда көрсетілген.

Компания бұл мәлімдемелер тек осы хабарламаның жарияланған күні үшін өзекті екенін атап өтеді және оларды жаңартуға немесе қайта қарауға міндеттеме алмайды.

Freedom Holding Corp. - кең ауқымды қаржылық және ілеспе қызметтерді ұсынатын әртараптандырылған халықаралық холдинг. Компания келесі салаларда жұмыс істейді:

  • брокерлік қызмет және бағалы қағаздармен сауда,
  • инвестициялық зерттеулер мен кеңес беру,
  • инвестициялық банкинг және андеррайтинг,
  • ипотекалық өнімдер мен сақтандыру,
  • телекоммуникациялар,
  • авиабилеттер мен мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн сату,
  • онлайн супермаркет қызметтері және т.б.

Компанияда 8 200-ден астам қызметкер жұмыс істейді, ал оның еншілес компаниялары 22 елде, соның ішінде Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және басқа да елдерде орналасқан.

Freedom Holding Corp. компаниясының жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында (SEC) тіркелген және NASDAQ Capital Market алаңында FRHC тикерімен саудаланады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -