Олжас Бектенов Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықтың басым бағыттарын атап өтті

2486
Фотосурет: UKIMET

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассани ынтымақтастықты тереңдету перспективалары мен бірлескен жобаларды талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен кездесу өткізді.

Онда бірлескен жобаларды іске асыру барысы, цифрландыру саласындағы ынтымақтастық талқыланды, екіжақты өзара іс-қимылдың басым бағыттары қаралды.

Тараптар инфрақұрылымды жаңғырту шеңберінде ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. 

«Қазіргі уақытта Президентіміздің тапсырмасы бойынша инфрақұрылымды жаңғырту, оның ішінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты өткен жылы Үкімет «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын бекітті. Энергетикалық инфрақұрылымды, су құбыры желілері мен сумен жабдықтау нысандарын жаңғырту бойынша сараптама және жаңа технологияларға қол жеткізу бөлігінде сіздермен жемісті ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенеміз» Олжас Бектенов 

Атап айтқанда, Банк инновациялық технологияларды қоса алғанда, жобалауды оңтайландыру, минималды операциялық шығындармен экономикалық инвестицияларды жүзеге асыру және экологиялық мәселелерді шешу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысына халықаралық озық тәжірибені енгізе алады.

ҚР Премьер-министрі трансшекаралық су жобалары аясындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, автожол, теміржол және логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламаны іске асыруға назар аударылды. Бірлескен жобаларды іске асыруға тартылған қазақстандық компаниялардың үлесін арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Қазақстан автомобиль мен темір жолдардың ұзындығын ұлғайтуды, олардың сапасын, өткізу қабілетін және экологиялық тұрақтылығын арттыруды көздеп отыр. Сондықтан «Қарағанды – Жезқазған» автожолы, Алматы айналма жолы және «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісі сияқты жобалар бойынша бірлескен жұмыстарға ерекше мән беріледі. Және бірлескен жобаларды іске асыруға тартылған қазақстандық компаниялардың үлесін арттырудың маңыздылығы қаралды.

Сонымен қатар Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасының бірінші кезеңін іске асыру нәтижелері атап өтілді. 
Сондай-ақ цифрландыру және ЖИ саласындағы ынтымақтастық талқыланды.

Кездесу соңында тараптар серіктестікті одан әрі кеңейтуге және жаңа бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ цифрландыру саласындағы ынтымақтастық талқыланды. Антонелла Бассани Дүниежүзілік Банктің ынтымақтастықты арттыруға дайын екендігін және Қазақстан жариялаған жобаларды қолдап, осы бағыттар бойынша одан әрі жұмыс істеуге мүдделі екенін атап өтті. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, 1992–2024 жылдар аралығында екі жақты ынтымақтастықтың нәтижесінде $8 млрд сомасына 48 жоба іске асырылды. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -