Қазақстан мен Венгрия бітімгершілік даярлық мәселелерін талқылады

2827
Фотосурет: Gov

Қазақстан Қорғаныс министрлігінде Венгрияның әскери атташесімен кездесу өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Астанада қорғаныс ведомствосына Қазақстан Республикасында қоса аккредиттелген Ресей Федерациясындағы Венгрия Елшілігінің жанындағы әскери атташе келді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин әскери дипломат полковник Ласло Кёвариге жаңа лауазымда табыс тіледі.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, оның ішінде әскери білім беру, бітімгерлік және тілдік дайындық мәселелерін талқылады.

Тараптар Қазақстан мен Венгрия қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға сенім білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -