Қазақстан Сауд Арабиясына реформалар мен инвестициялық бағдарламаларын таныстырды

2750
Фотосурет: Gov

Ар-Риядта Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясының даму қорының (SFD) Бас директоры Сұлтан Әл-Маршадпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, исламдық қаржыландыру, Қазақстанда бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

М. Меңілбеков бүгінде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы баяндап, үкіметтің елдегі инвестициялық ахуалды және халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі кешенді бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Тараптар сонымен қоса 2024 жылғы 3-5 қыркүйекте Астанада С. Әл-Маршадтың қатысуымен өткен Араб үйлестіру тобының дөңгелек үстелінің қорытындыларын талқылады.

Сауд Арабиясының даму қоры (SFD) ең ірі саудтық қаржы институттарының бірі, аталған қордың есебінен Қазақстанда бірқатар маңызды инфрақұрылымдық нысандар, оның ішінде «Астана-Қарағанды» автожолының құрылысы іске асырылған болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -