Қазақстан ЕАЭО Кеден кеңістігіндегі позициясын нығайтуда

3201
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 4 маусымда Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің кеден қызметі Біріккен алқасының 50-ші мерейтойлық отырысы өтті, Қазақстан делегациясын Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев басқарды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осы алаң құрылған сәттен бастап кеден қызметінің басшылары ЕАЭО-да кеден ісін жетілдіруге және дамытуға бағытталған 1000-нан астам шешім қабылдады.

Мерейтойлық отырыста тәуекелдерді басқару жүйесін, кедендік құнды бақылауды және жекелеген тауарларды жіктеудің біркелкілігін жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды.

Бұдан басқа, интеграциялық бірлестіктің кедендік аумағында "жалған транзит" фактілерін азайту бөлігінде ЕАЭО құқығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды.

Кеден қызметінің басшылары транзиттің кедендік рәсімін қолдану мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы шешімге қол қойды, бұл ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.

Отырыс қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті, оның барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлеріне интеграциялық кедендік ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметі Біріккен алқасының 50-ші отырысы" естелік медальдары табыс етілді.

ЕАЭО кеден қызметі Біріккен алқасының келесі отырысы ағымдағы жылғы III тоқсанға жоспарланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -