Әскери ынтымақтастықтың жаңа жоспары: Қазақстан мен Ұлыбритания басым бағыттарды айқындады

2079
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Құжатқа қол қою Лондонда өтті. Онда ҚР ҚМ Аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлының басшылығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы ресми сапармен болды.

Іс-шара барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары талқыланды.

Ұлыбританияның жоғары әскери оқу орындарында қазақстандық әскери қызметшілерді бітімгерлік, тілдік даярлау және оқыту негізгі бағыттар болып табылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Қорғаныс министрлігі арасындағы 2025–2026  жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -