Қазақстанда венчурлік экожүйе нығаюда

1848
Арман Қоржымбаев Бас редактор

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы (QIC, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Дидар Қарымсақов өңірдегі ең ірі инновациялар форумдарының бірі INMerge Summit-тың (Әзірбайжан) көшпелі сессиясына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Көшпелі сессия Алматыда өтті және Қазақстанның түкпір-түкпірінен дарынды стартаперлер мен венчурлық нарыққа қатысушылары тартылды.

Д.Қарымсақов өз сөзінде QIC Қазақстанда венчурлік капиталдың экожүйесін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бүгінгі таңда QIC алты венчурлік қор құрып, ол арқылы 40 қазақстандық АТ-стартап инвестицияланды.

500 Global, Temasek және IFC сияқты ірі халықаралық әріптестермен ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, QIC жаһандық тәжірибемен алмасып, қазақстандық стартаперлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұл ретте, QIC Басқарма төрағасы атап өткендей, стартаптар бүгінде дамудың кейінгі кезеңдерінде (A–C сериясы) қаржыландыру тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл саланы толықтыруға QIC құрылымына кіретін жаңа BGV Fund венчурлық қоры жәрдемдеседі. Капиталдандыруы $30 миллион болатын Қор Қазақстан мен өңірдегі жас технологиялық компанияларға инвестиция салмақ. QIC еншілес компаниясы BGlobal Ventures Ltd. басқарушы компания болады.

«Каспий өңірінің, әсіресе Қазақстанның, техникалық мамандықтар бойынша адами капиталдың айтарлықтай әлеуеті бар. Стартаптардың жаһандық тәжірибелер мен тәлімгерлікке қол жеткізуі, жобалардың ерте сатыларында сын-қатерлерге дайын жергілікті бизнес-жәрдемшілер мен институционалдық инвесторлардың базасын нығайту осы әлеуеттің кеңірек ашылуына көмектеседі. Бұл жұмысты QIC жүйелі түрде жүргізіп келеді. Шынында да, адамдарға, білімге және серіктестікке жүйелі инвестиция салу арқылы ғана жергілікті таланттарды жаһандық мүмкіндіктермен байланыстыруға мүмкіндік беретін тұрақты инновациялық экожүйені құруға болады» Дидар Қарымсақов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -