Қазақстан мен АҚШ діни еркіндікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

1419
Фотосурет: Gov

25 маусым күні ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Халықаралық діни бостандық жөніндегі АҚШ комиссиясының (USCIRF) төрағасы Вики Хартцлермен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы діни ахуал, діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылап, Комиссияның жыл сайынғы баяндамаларында көтерілген жағдайлар туралы пікір алмасты.

Вики Хартцлер Қазақстанның адам құқықтары мен діни сенім бостандығы саласындағы соңғы қадамдарына оң баға берді.

Кездесу қорытындысында қазақстандық тарап діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілетінін атап өтіп, АҚШ-пен осы бағыттағы ынтымақтастық пен өзара байланысқа сенім білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -