Қазақстан БҰҰ-ның есірткі қауіпіне қарсы күрестегі жетекші рөлін қолдайды

1298
Фотосурет: Gov

26 маусымда БҰҰ Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күнін атап өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Есірткінің кең таралуы әлемдегі барлық елдердің алдында тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Есірткі – адамдардың өмірін бұзады, ұйымдасқан қылмыс пен террористік ұйымдар үшін пайда көзі, планетаның көптеген өңірлеріндегі тұрақсыздықты күшейтеді. БҰҰ мәліметтері бойынша ағымдағы жылы 300 миллионнан астам адам есірткіге тәуелді. Синтетикалық есірткі өндірісінің өсуі ерекше қауіп төндіреді.

Қазақстан БҰҰ-ның осы жаһандық проблемамен күрестегі жетекші рөлін қолдайды. Еліміз есірткіге қарсы күрес саласындағы БҰҰ-ның барлық үш конвенциясына қосылды. Биыл Қазақстан 2026-2029 жылдарға арналған БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының мүшесі болып бесінші рет сайланды және жаһандық есірткіге қарсы стратегиясын іске асыруға елеулі үлес қосуда.

Қазақстандық өкілдер ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ қамқорлығымен есірткіге қарсы операцияларға белсене қатысып, Еуропа, Азия және АҚШ құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Алматыда орналасқан Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия үйлестіру орталығы ақпарат алмасуды жүзеге асырады және Орталық Азия мен одан тыс жерлерде есірткі трафигінің жолын кесу бойынша бірлескен операциялар жүргізеді.

Ұлттық деңгейде 2023-2025 жылдарға арналған Нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес бойынша кешенді жоспар іске асырылуда. Оның басым бағыттары қылмыстық әрекеттің жолын кесу ғана емес, сонымен бірге жастармен профилактикалық жұмыс істеу, психологиялық және медициналық көмек көрсету, қоғамның барлық топтарын нашақорлықпен күреске тарту.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -