Қазақстанның арнайы күштері Түркиядағы «Анадолу-2025» халықаралық оқу-жаттығуларына қатысуда

1441
Фотосурет: Gov

Түркия Республикасында Қазақстан, Әзербайжан, Пәкістан, Өзбекстан және басқаларын қоса алғанда 33 елдің әскери қызметшілерінің қатысуымен арнайы мақсаттағы «Анадолы-2025» халықаралық оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жаттығуға Қазақстан тарапынан Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің жеке құрамы қатысуда.

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңінде қазақстандық әскери қызметшілер қалалық жағдайлардағы іс-қимылдарды, парашютсіз десант түсіруді, жаралыларды эвакуациялауды және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануды пысықтайтын  болады.

Арнайы операциялар күштері жауынгерлерінің жаттығуларға қатысуы жауынгерлік дағдыларды арттыруға, тәжірибе алмасуға және арнайы мақсаттағы бөлімшелермен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Оқу-жаттығу 3 шілде аяқталады деп жоспарланған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -