Қазақстандық Арнайы операциялар күштерінің жауынгерлері Түркиядағы «Анадолу-2025» оқу-жаттығуында жоғары дайындық деңгейін көрсетті

1628
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Түркияда өткен «Анадолу-2025» халықаралық оқу-жаттығуына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға әлемнің түрлі елдерінен арнайы мақсаттағы бөлімшелері қатысып, Қазақстан атынан 15 әскери қызметші өнер көрсетті.

Оқу-жаттығу аясында әскери қызметшілер урбанизацияланған және таулы жерлерде ұрыс жүргізу, топ құрамында атыс жүргізу, тікұшақтан арқанмен түсу, парашютсіз десанттау, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану, жаралыларға алғашқы көмек көрсету және оларды эвакуациялау жаттығуларын пысықтады.

«Анадолу» оқу-жаттығуы екі жылда бір рет өткізіледі және 2006 жылдан бері түрлі елдердің арнайы күштері арасындағы өзара іс-қимылды арттыру мен тәжірибе алмасуға бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -