Қазақстандық лоукостер FlyArystan барлық маршруттық желісі бойынша әуебилеттерге арналған жаңа жеңілдік науқанының басталғанын хабарлайды. Науқан аясында Қазақстан ішіндегі рейстерге билет құны 7 000 теңгеден, ал халықаралық бағыттар бойынша 25 000 теңгеден басталады, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылдың 8-11 шілде аралығында билеттерді www.flyarystan.com ресми сайтынан, FlyArystan мобильді қосымшасы мен өзге де ресми сату арналары арқылы рәсімдеуге болады.
Саяхаттау кезеңі 2025 жылдың 8 қыркүйегі мен 21 желтоқсан аралығын қамтиды. Жеңілдікпен ұсынылған тарифке салмағы 5 кг-нан аспайтын бір дана қолжүгі (өлшемдері – 56×23×36 см) және борттағы кездейсоқ орын кіреді.
FlyArystan сапарларды барынша қолжетімді ету мақсатында әуебилеттерге тұрақты түрде түрлі жеңілдіктер ұсынады. Айта кетсек, 2025 жылғы World Airline Awards марапаты бойынша FlyArystan үшінші жыл қатарынан «Орталық Азия және ТМД-ның үздік бюджеттік әуекомпаниясы» деп танылды. Марапаттау рәсімі 17 маусымда Париждегі Ле-Бурже халықаралық авиациялық көрмесі аясында өтті.
Лоукостер жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді тиімді бағада брондауды ұсынады. Барлық қосымша қызметтерді әуекомпанияның ресми сайтынан немесе FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.