Жуырда 1-7 шілде аралығында Тәжікстанның астанасында 16 жасқа дейінгі қыздар арасында Орталық Азия волейбол қауымдастығының (CAVA) чемпионаты өткен болатын. Қазақстан құрамасы (U16) тұңғыш рет осы беделді турнирді жеңіп, алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Финалда біздің команда нағыз шеберлікті көрсетіп, Өзбекстан құрамасын жеңіп, жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына көтерілді.
Тарихи жеңіс 7 шілдеде, яғни Дүниежүзілік волейбол күні тіркелгенін айта кеткен орынды.
Бұл жетістік барлық жанкүйер үшін нағызға сыйға айналып, отандық жастар волейболының дамып келе жатқанының дәлелі болды.
U16 жасөспірімдер құрамасының табысы еліміздегі волейболдың жүйелі түрде жолға қойылғанын тағы бір мәрте айғақтады. Отандық командалар түрлі жастағы Азия және әлем чемпионаттарына үнемі қатысып, лайықты нәтижелер көрсетіп келеді. Кіл мықтылардың шыңдалуына жан-жақты дамыған ішкі жарыстардың жүйесі септігін тигізіп жүр: биылғы маусымда әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатына төрт жас санатына бөлінген 54 команда өзара мықтыны анықтауда.
«Бұл тек алтын жүлдені еншілеуге жол ашқан кезекті жарыс емес. Осы жолғы олжамыз – отандық әйелдер волейболының жаңа кезеңге қадам басқанын көрсетті. Жас спортшыларымыздың CAVA чемпионатындағы жетістігі резервпен жүйелі түрде жұмыс істеудің заңды нәтижесі және болашаққа зор үмітпен қарауға сенім берді. Қыздарды, жаттықтырушылар штабын және осы жеңіске себепкер болған жандарды шын жүректен құттықтаймын» Қазақстан волейбол федерациясының бас хатшысы Айдос Ахметов