Әлемдік тұғырдан алтын мен қола: қазақстандық спортшы Полиция және өрт сөндірушілердің Дүниежүзілік ойындарында көзге түсті

1606
Тимур Раев Тілші

2025 жылғы 26 маусым мен 6 шілде аралығында АҚШ-тың Алабама штаты, Бирмингем қаласында Полиция және өрт сөндіру қызметкерлерінің Дүниежүзілік ойындары өтті. Бұл - әлемнің түкпір-түкпірінен келген күш құрылымдары қызметкерлері арасында екі жылда бір рет ұйымдастырылатын ірі халықаралық дода. Биылғы жарысқа 80-нен астам елден 10 000-нан астам спортшы қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан атынан қатысқан спортшы, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері Айбар Ержанов бұл сайыста ерекше көзге түсіп, ел намысын асқақтатып қайтты. Ол тек мықты спортшы ғана емес, сонымен қатар жоғары рух пен нағыз ерік-жігер иесі екенін дәлелдеді.

Push Pull (екі сайыс) түрінде Айбар Ержанов қарсыластарының бәрін сенімді түрде артта қалдырып, 1-орынға ие болды. Бұл жеңіс оның спорттық дайындық деңгейінің жоғары екенін және жеңіске деген берік сенімін көрсетті.

Сонымен қатар Bench Press (жатып штанга көтеру) сайысында да сәтті өнер көрсетіп, 3-орынға табан тіреді. Бұл - Айбардың тұрақтылығы мен кәсіби шеберлігінің тағы бір дәлелі.

Айбар Ержанов - еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері. Оның бұл жеңісі - тек жеке жетістік емес, бүкіл елдің абыройы мен беделін халықаралық деңгейде танытқан зор оқиға. Ол қажырлы жаттығудың, тәртіп пен табандылықтың нақты нәтижесін көрсетті.

Халықаралық деңгейдегі мұндай жеңістер Қазақстанның күш құрылымдарының дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеп отыр. Ержановтың табысы еліміздің жас ұрпағына, әсіресе спортпен және әскери қызметпен айналысқысы келетін жастарға зор мотивация болары сөзсіз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -