Қазақ елшісі Біріккен Араб Әмірліктеріндегі дипломатиялық миссиясына ресми түрде кірісті

1826
Фотосурет: Gov
Қазақстан Елшісі Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды DKnews.kz.
 

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктер Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға сенім грамоталарын табыстады.

Салтанатты рәсімнен кейін өткен сұхбат барысында шейх Мұхаммед бен Заид Қазақстанға және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа құрметі ерекше екенін атап өтіп, өзара ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделілік танытты.

Өз кезегінде қазақ дипломаты жылы қабылдағаны үшін оған алғыс айтып, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық ілгерілеп келе жатқанына тоқталды.

Сонымен қатар Абу Даби Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянның ү.ж. мамыр айындағы Астанаға ресми сапары және оның аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың сапалы жүзеге асырылуы, өзара қарым-қатынастарға тың серпін беру маңыздылығы туралы айтты.

Кездесу соңында БАӘ Президенті ҚР Елшісін аса жауапты дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -