Америкалық венчурлік қор алғаш рет қазақстандық Fintech-стартапқа инвестиция салды

1364

Қазақстандық fintech-стартап Finflow АҚШ пен Қазақстан инвесторларынан $500 000 тартты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Finflow стартапы $500 000 көлеміндегі Pre-seed инвестициялық раундын сәтті аяқтағанын хабарлады. Лид-инвестор — Orbit Startups (АҚШ), $1,5 млрд астам активтерді басқарудағы жаһандық акселератор SOSV құрамындағы венчурлық қор. Америкалық қордың портфелінде Perfect Corp, Leapmotor, BitMEX, Clearbot сынды әлемге әйгілі компаниялар бар. Finflow раундын сондай-ақ Axiom Capital, Bask International Group және бірнеше қазақстандық бизнес-періштелер мен жергілікті және халықаралық инвесторлар қолдады.

Finflow шағын және орта бизнеске (ШОБ) арналған жасанды интеллект негізіндегі қаржы директоры қызметін әзірлейді. Бұл шешім әр кәсіпкерге жеке қаржылық көмекшіні ұсынады. Жақын уақытта команда CFO (қаржы директоры) функцияларын атқара алатын толыққанды AI-қаржылық агентін ұсынбақ. Агент қаржылық модель құрудан бастап, кэш-флоуды талдау және бизнесті банк қаржыландыруына дайындауға дейінгі негізгі міндеттерді орындай алады.

«Орталық Азияда миллиондаған кәсіпкерлер толыққанды қаржылық басқарусыз жұмыс істейді, кассалық алшақтықтарға тап болады және капиталға қол жеткізе алмайды. Қаржылық жоспарлау тек корпорациялар үшін ғана қолжетімді болмауы керек. Біз Finflow-ды қаржылық білімі жоқ кәсіпкердің өзі де негізделген шешім қабылдап, капитал тартып, бизнесін өсіре алуы үшін жасап жатырмыз» Finflow компаниясының CEO-сы және теңқұрушысы Даулет Айтмаханов

Осы жылдың бірінші тоқсанында стартап қазақстандық бірнеше банкпен пилоттық келісімдерге қол қойды. Бұл банктердің жалпы ШОБ клиенттік базасы 200 000-нан асады. Қазір команда Банк ЦентрКредит-пен бірге өңір кәсіпкерлері үшін цифрлық несиелеудің жаңа стандартын қалыптастыратын технологиялық шешім әзірлеуде.

Тартылған қаражат командаға Орталық Азиядағы ШОБ-қа арналған ауқымды коммерциялық өнімді дамытуға, банктермен серіктестікті кеңейтуге және қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдетуге, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка (MENA) нарықтарына шығуға мүмкіндік береді.

Стартап еуропалық Startup Wise Guys акселераторының түлегі және Astana Hub резиденті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -