Қазақстан мен Қытай ақпараттық ынтымақтастығын нығайтуда

1166
Фотосурет: ortcom.kz

Орталық коммуникациялар қызметі мен Синьхуа ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуды қолдайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Рио-де-Жанейро қаласында БРИКС елдерінің БАҚ пен аналитикалық орталықтарының форумы өтті. Форумға жетекші медиа құрылымдардың, мемлекеттік ведомстволардың, ғылыми және іскер топтардың өкілдері қатысты.

Форум аясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаровтың Қытайдың «Синьхуа» ақпараттық агенттігінің бас директоры Фу Хуамен кездесуі өтті. Тараптар екіжақты медиа ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылап, бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың өзекті екенін растады.

Қытай тарапы Казахстанның ақпараттық өзара іс-қимылды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, форум аясында Асқар Омаров Латын Америкасы мен Азия елдерінің мемлекеттік ведомстволары мен аналитикалық орталықтарындағы әріптестерімен бірқтар кездесу өткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -