ҚР СІМ-нің қайырымдылық жобасы: балаларға жазғы демалыс пен танымдық бағдарлама

1507
Фотосурет: Gov

Қазақстан СІМ әлеуметтік орталық тәрбиеленушілерінің сауықтыруы мен ағартуына қолдау көрсетуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық жобасы аясында «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілері балаларға арналған сауықтыру лагеріне жолдамалар мен сыйлықтар алды.

Бұл бастама Қазақстандық дипломаттар бірлестігі тарапынан, Қазақстанның Мюнхен қаласындағы Бас консулдығының жәрдемімен және Германиядағы қазақ диаспорасының қолдауымен ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде кездесу барысында балаларға Қазақстан дипломатиясы мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар еліміздің сыртқы саяси қызметінің қалыптасу тарихымен, алғашқы дипломатиялық миссияларға, Қазақстанның халықаралық бастамаларына және жаһандық ынтымақтастықты дамытуға отандық дипломаттардың қосқан үлесіне арналған экспозициялармен танысты.

Аталған жобаның жүзеге асырылуы ҚР Сыртқы істер министрлігінің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына бейілдігін көрсетіп, ведомствоның гуманитарлық және әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуын айғақтайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -