Тоқаев Бельгияның егемендігі мен құндылықтарына құрмет білдірді

1441
Фотосурет: flag.by

Мемлекет басшысы Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады.

Президенттің пікірінше, бұл айтулы күн Бельгия халқының ынтымақ-бірлігін, бай тарихын, егемендік пен демократия құндылықтарын берік ұстанатынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -