Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк басшылығы Қытай Халық Республикасы Қаржылық реттеу жөніндегі ұлттық әкімшілігінің (NFRA) вице-министрі Чжоу Лян мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Кездесу барысында Агенттік, ҚР Ұлттық Банкі және NFRA арасында өзара түсіністік туралы үшжақты Меморандумға қол қойылды.
Меморандум Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қаржы нарықтары саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Халықаралық шартта заңсыз қызметті болдырмау, банктердің орнықтылығын нығайту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында банк қызметтерін тиімді реттеу саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаластықтар бекітілген.
Құжат Базель Банктерді қадағалау комитетінің ұсынымдарына және банктерді реттеу саласындағы негізгі халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Қытайдың қатысуымен үш банк жұмыс істейді: Алматы қаласындағы Қытай Сауда-өнеркәсіп банкі, Қазақстандағы Қытай Банкі және Altyn Bank. Қытайдың еншілес банктері активтерінің жалпы көлемі 2,1 млрд теңгені немесе банк жүйесі жиынтық активтерінің 3,3%-ын құрайды. Қытай еншілес банктерінің меншікті капиталы 368 млрд теңгені құрайды.