29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.