Сейсмологиялық қорғаныстың инновациялық әдістері: Қазақстан жапон тәжірибесін енгізуде

1760
Фотосурет: Gov

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ маманы Қанатова Жанна Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) және Сейсмология және сейсмостойымды құрылыс жөніндегі халықаралық институты (IISEE/BRI, Жапония) ұйымдастырған бірлескен білім беру бағдарламасына сәтті қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Маңызды ғимараттар үшін, сейсмикалық апаттар қаупін төмендету шараларын күшейту» – атты бағдарлама сейсмикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы кең ауқымды дәрістерді, тәжірибелік сабақтарды және техникалық сапарларды қамтыды.

Екі ай ішінде қатысушылар ғимараттардың сейсмикалық жағдайын бағалау әдістерін, құрылымдарды нығайту тәсілдерін, құрылыс негізімен өзара әрекеттесу технологияларын, топырақты зерттеу және нығайту әдістерін, сондай-ақ сейсмикалық мониторинг жүйелерін меңгерді.

Курс аясында ғимараттардың сейсмикалық осалдығын бағалау, оларды нығайту әдістері (соның ішінде сейсмоизоляция және демпферлер), құрылыс пен топырақтың өзара әрекеттесуі, инженерлік-геологиялық зерттеулер және Жапонияда қолданылатын заманауи қада технологиялары бойынша тақырыптарға ерекше назар аударылды.

Жапондық тәсілдер мен технологияларды қолдану болашақта болуы мүмкін жер сілкіністері жағдайында ғимараттардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -