Huawei компаниясымен ынтымақтастық: Қазақстан 5G, бұлттық технологиялар мен жасанды интеллектті қалай дамытпақ

2200
Фотосурет: Huawei

Қазақстанның Цифрлық даму министрлігі мен Huawei өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және цифрлық трансформация салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Құжатқа қол қою рәсімі Қытай Халық Республикасына Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі делегациясының жұмыс сапары аясында Шанхай қаласындағы Huawei компаниясының штаб-пәтерінде өтті.

Меморандумда тараптардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құру қарастырылған. Аталған топ Қазақстандағы АКТ секторының жай-күйін талдап, саланың қажеттіліктерін айқындап, 2025–2030 жылдар аралығында цифрлық инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты шешімдер ұсынумен айналысады.

«Қазақстанның цифрлық даму әлеуеті зор, және біз елдің цифрлық трансформация жолындағы сенімді серіктесі болғанымызға қуаныштымыз. 5G, бұлтты технологиялар мен жасанды интеллект салаларындағы біздің тәжірибеміз Қазақстандағы АКТ инфрақұрылымын тиімді әрі тұрақты дамытуға негіз бола алады» Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Сун Ясюй

Бұл әріптестік байланыс желілерін жаңғыртумен қатар, АКТ саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыруға, инновациялық шешімдерді дамытуға және Қазақстанның халықаралық технологиялық байланыстарын кеңейтуге ықпал етеді деп күтілуде.

Меморандумға қол қойылуы – Қазақстан мен Қытай арасындағы технологиялық саладағы екіжақты қатынастарды нығайтудың кезекті қадамы әрі тараптардың орнықты өсім мен инновацияларға негізделген цифрлық болашақты бірлесіп құруға ұмтылысын айғақтайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -