Тоқаев Швейцария Президенті мен халқын ұлттық мерекесімен құттықтады

2651
Фотосурет: Akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күніне орай Президент Карин Келлер-Зуттерге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мемлекет басшысы ұлттың бірлігін, демократия дәстүрлерін және елдің бейтараптық қағидатына бейілдігін айшықтайтын мерекенің ерекше мәніне назар аударып, Швейцария халқына бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар Президент Қазақстан мен Швейцария қарым-қатынасының жоғары деңгейде екеніне тоқталып, қос халықтың игілігі жолында өзара ынтымақтастық нығая беретініне сенім білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -