Бұл фестиваль нағыз шахмат мерекесіне айналып, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі турнирлерді қабылдай алатын әлеуетін көрсетті. Мұнда жас дарындар танымал гроссмейстерлерге лайықты қарсылық танытып, жеңімпаздар географиясы Үндістаннан Қырғызстанға дейін созылды.
Үнді гроссмейстері Адитья Миттал Алматы маңындағы шахмат фестивалінде кубоктық хет-трик жасады, ал шымкенттік Әбілмансұр Әбділқайыр Challengers чемпионы атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Алматы маңында өткен «Almaty Region Open. Qonaev Cup 2025» халықаралық шахмат фестивалі биылғы Қазақстан кубогының классикалық шахматтан 3-ші кезеңі болды. Әлемнің әр түкпірінен келген шеберлер мен еліміздің үздік ойыншылары бақ сынаған жарыс соңғы турға дейін тартысты өтті, ал шешуші сәттер нағыз драмаға толы болды.
«Masters» турнирі: Адитья Миттал - үш мәрте кубок иегері
Фестивальдің басты додасы - Masters (Қазақстан кубогының 3-ші кезеңі) - 18 жастағы үнді гроссмейстері Адитья Митталдың (2560) жеңісімен аяқталды. Ол қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс: 2023 жылы Миттал Астана мен Павлодардағы кубок кезеңдерінде де топ жарған еді. Осылайша, жас шебер ел тарихындағы сирек кездесетін кубоктық хет-трик авторына айналды.
Соңғы турда жүлделі орындардың тағдыры шешілді. Алексей Гребнев пен Сетураман С. П. гроссмейстерлік теңге келісті, ал Матлаков - Амин және Акопян - Миттал партиялары да тең аяқталғанымен, мазмұны мүлде басқа болды - соңына дейін шиеленіс сақталды.
Рейтинг фавориті, мысырлық гроссмейстер Бассем Амин (2633) үшінші орыннан көрінді. Ең үздік қазақстандық нәтиже - 22 жастағы Рамазан Жалмахановта (5 ұпай, 17-орын).
Әйелдер арасында үздік болып 19 жастағы Әмина Қайырбекова (2297) танылды - 4 ұпай жинап, жалпы есепте 45-орын алып, 1000 АҚШ долларын иеленді.
Masters турнирі жүлдегерлері:
- GM Адитья Миттал (2560, Үндістан) - 6½ ұпай ($18000)
- GM Алексей Гребнев (2595, FID) - 6½ ($14000)
- GM Бассем Амин (2633, Мысыр) - 6 ($10000)
- IM Максим Царук (2470, FID) - 6 ($7000)
- GM Сетураман С. П. (2569, Үндістан) - 6 ($6000)
- GM Арам Акопян (2625, Армения) - 6 ($5000)
- GM Максим Матлаков (2608, FID) - 6 ($4000)
- IM Рохит Кришна С. (2500, Үндістан) - 6 ($3000)
- GM Тин Цзинъяо (2579, Сингапур) - 6 ($2000)
- GM Сапармурат Атабаев (2492, Түрікменстан) - 6 ($1600)
- GM Михаил Никитенко (2504, Беларусь) - 6 ($1500)
- IM Уурцайх Агибилег (2428, Моңғолия) - 6 ($1400)
- IM Аюш Шарма (2432, Үндістан) - 5½ ($1300)
- GM Нараянан С. Л. (2595, Үндістан) - 5½ ($1200)
- GM Никита Афанасьев (2499, FIDE) - 5½ ($1000)
«Challengers» турнирі: Шымкент чемпионы
Маңызы жағынан екінші Challengers турнирінде шешуші партия - Асқаров - Әбділқайыр - тең нәтижемен аяқталды. Бұл мүмкіндікпен Өскеменде өткен алдыңғы Challengers жеңімпазы Константин Корниенко пайдаланып, көшбасшыларды қуып жетті. Дегенмен қосымша көрсеткіштер бойынша ол тәжірибелі Асқаровты ғана басып озды, ал 21 жастағы шымкенттік Әбілмансұр Әбділқайыр чемпион атанды.
Challengers турнирі жүлдегерлері:
- IM Әбілмансұр Әбділқайыр (2380) - 7 ұпай ($4000)
- CM Константин Корниенко (2305, FID) - 7 ($3000)
- IM Бақтияр Асқаров (2295) - 7 ($2000)
- Нургазы Жеенбеков (2176, Қырғызстан) - 6½ ($1000)
- IM Евгений Пак (2317) - 6½ ($1000)
- Ақылжан Мейірханұлы (2230) - 6½ ($800)
«Open» турнирі: Қырғызстан қонағы алтынды сақтап қалды
Open турнирінде көш бастап келе жатқан қырғызстандық Азамат Нұрдинов соңғы турда жеңіске жетпесе де, жалпы жеңіске қол жеткізуге тең нәтиже жеткілікті еді. Алайда ол 16 жастағы оралдық Төрехан Молбайға жол берді. Осыны пайдаланып, 15 жастағы шымкенттік Айбек Тілекқабыл да көшбасшыны қуып жетті.
Соған қарамастан, қысқартылған Бухгольц коэффициенті алтынды Нұрдиновке сақтап берді.
Open турнирі жүлдегерлері:
- Азамат Нұрдинов (1807, Қырғызстан) - 7½ ұпай ($2000)
- Төрехан Молбай (1860) - 7½ ($1500)
- Айбек Тілекқабыл (1880) - 7½ ($1000)
- Янь Зимо (1704, Қытай) - 7 ($800)
- Дінмұхамед Мелс (1808) - 7 ($700)
Қазақстан кубогының финалы алда
«Almaty Region Open. Qonaev Cup 2025» биылғы Қазақстан кубогының классикалық шахматтан үшінші кезеңі болды. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша өтті. Алда - финал, онда 12 үздік шахматшы айналмалы жүйе бойынша күш сынасады.
2025 жылғы Қазақстан кубогының кезеңдері:
- 1-ші кезең - Владимир Дворкович мемориалы - Aktobe Open 2025 (Ақтөбе, 22–30 маусым)
- 2-ші кезең - Oskemen Open 2025 (Өскемен, 21–29 шілде)
- 3-ші кезең - Almaty Region Open. Qonaev Cup 2025 (Алматы обл., Қарасай ауданы, Алмалыбақ, 4–12 тамыз)
- Финал - Kazakhstan Chess Cup 2025 – Final (Алматы, 9–19 қараша)