Моңғолия Қазақстанмен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік білдірді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Қорғаныс министрі Батлут Дамбамен кездесті.
Д. Батлут Моңғолияның қорғаныс саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ниеттігін айтып, екі жақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығару мүмкіндігіне сенім білдірді.
Өз кезегінде, А. Сейтақынов Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қорғаныс саласындағы байланыстарды дамыту үшін зор әлеует бар екенін атап өтіп, қазақстандық тараптың барлық перспективалы бағыттар бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін растады.
Тараптар бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу мүмкіндігі мен әскери ынтымақтастықты кеңейту перспективалары бойынша пікір алмасты.