Қазақстанның классикалық туындылары Біріккен Араб Әмірліктерінде жарық көреді

935
Фотосурет: Gov
Қазақ әдебиеті шығармалары араб тіліне аударылып, БАӘ-де жарияланатын болады, деп хабарлайды DKNews.kz.
 

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Ұлттық кітапханасы мен мұрағатының Бас директоры Абдалла Мажид Әл Алимен кездесті.

Сұхбат барысында екі елдің тиісті мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды жандандырудың перспективалары мен бағыттарын, сондай-ақ Қазақстанның кітапханалары мен мұрағаттарының БАӘ Ұлттық кітапханасы мен мұрағатымен байланыстарын одан әрі нығайту жолдарын талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша қазақ әдебиетінің классикалық және танымал шығармаларын араб тіліне аударып, БАӘ аумағында шығару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

БАӘ Ұлттық кітапханасы және мұрағаты 1968 жылы құрылған. Негізгі міндеттері – ұлттық құжаттық мұраларды жинақтау, сақтау және зерттеу, сондай-ақ тарихи және мәдени мұраларды халықаралық деңгейде ілгерілету.

2022 жылы ҚР Елшілігі мен БАӘ Ұлттық кітапханасы және мұрағаты бірлесіп «Қазақстан Республикасы және Біріккен Араб Әмірліктері: дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл» атты кітап шығарды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -