Қазақстан мен Индонезия қылмыстық құқық пен экстрадиция мәселелерін талқылады

814
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Индонезия құқықтық саладағы өзара іс-қимылды жандандыруға келісті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезияның Заңнама, адам құқықтары, көші-қон және түзеу мекемелері мәселелері жөніндегі үйлестіруші министр Юсрил Ихза Махендрамен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Елші сұхбаттасқа елімізде жүзеге асырылып жатқан заңнамалық реформалардың мәнін түсіндіріп, екіжақты қарым-қатынастың әртүрлі салаларда серпінді дамып келе жатқанын атап өтті. Осы ретте қазақ дипломаты екі достас халықтың мүддесі үшін өзара визасыз жүру режимін енгізу, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, сотталған адамдарды экстрадициялау және беру жөніндегі шарттарды келісу және жасасу бойынша өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігіне назар аударды.

Үйлестіруші министр Қазақстан мен Индонезия арасында қалыптасқан жақсы қарым-қатынастың жоғары деңгейін оң бағалап, шет елдермен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде аталған бағыттар бойынша жетекшілік ететін ведомстволардың жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді.

Тараптар талқыланған мәселелер бойынша өзара түсіністікке қол жеткізіп, оларды іске асыру үшін практикалық жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -